Өткенге есеп – болашақ табыс кепілі. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ел алдында есеп берді. Аймақтың 2020 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерін қорытындылады. 2021 жылғы мақсат-міндеттерді таныстырды. Облыс әкімінің есептік жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Абдрахим қатысты.