Қырғызстан Республикасының Президенті елімізге мемлекеттік сапармен келді

0
41

Қырғызстан Республикасының Президенті елімізге мемлекеттік сапармен келді. Бұл көрші ел басшысының президент болғалы Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары. ВИДЕО: Ақорда резиденциясында Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Алдымен екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Артынан Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан президенттеріне рапорт берді. Садыр Жапаров Қазақ елінің Президентімен екі жақты кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сапардың аса маңызды екенін атап өтті. Жалпы соңғы 15 жылда Қазақстан үкіметі Қырғызстан бюджетіне 1 млрд доллар ақша салған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here