Алматы облысында 2022 жылға дейін 88 блокты-модульдік қазандық орнатылады.

0
262

Пеш жағудан құтылып жатыр. Алматы облысында көпқабатты тұрғынүйлерді тегіс орталықтандырылған жылумен қамту үрдісі үлкен қарқын алды. Амандық Баталовтың тікелей бастамасымен 2022 жылдың соңына дейін аймақта 88 блокті-модульдік қазандық орнату жоспарда. Ол Қарасай,Еңбешіқазақ,Панфилов, және Талғар аудандары бойынша 292 көпқабатты үйді табиғи газбен қамтуға жол ашады. Игі іс 2018 жылы Талғар қаласынан бастау алған еді. Кеше облыс әкімі аудан орталығына сапары барысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды тағы бір пысықтап қайтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here