«Қыс шанаңды жаз сайла». Өңірде мыңғыртып мал өсірген шаруа қожалықтары мен жеке шаруалар үшін шөп шабу науқаны басталды. Жетісуда жыл сайын төрт түліктің қарасы көбеюде. Сол себепті жем-шөп мәселесі де өзекті. Осы мақсатта биыл облыстық шаруалар үшін мал азығы 18 мың гектарға ұлғайтылды.