Облыста көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне тарту жұмыстары бойынша 40 жоба жүзеге асады. Олар Еңбекшіқазақ, Қарасай, Панфилов, Іле, Ұйғыр ауданданында іске асырылады. Бүгін бұл мәселе облыстық мәслихат депутаттарымен өткен отырыста қаралды. Бұдан бөлек, басқосуда өңірдегі туризм, білім, денсаулық салаларындағы өзекті тақырыптар сөз болды.