Кәсіпкерлер құқығын қорғау – басты назарда. Алматы облыстық прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесе осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын бұзған 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Жыл ішінде өңірдегі 8 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалыпты.