Жетісу Университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті. Сабақтары жартылай офлайн форматқа көшкен студенттер үшін мерейтой биыл да онлайн болды. Жиын инстаграмм желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Кеше ғана алтын ұядан ұшқан түлектер І.Жансүгіров университетінің студенттері атанып отыр.