«Жайықтың дара қызы-Дариға». Осындай атаумен Алматы облысында белгілі ақын, драматург, ұлағатты ұстаз Дариға Мұштанованың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Қарасай ауданы, Жамбыл атындағы орта мектепте ұйымдастырылған рухани іс-шара — сөз өнерін насихаттап, жастар бойында ұлтжандылық сезімін қалыптастыруға арналды.