Сәттілік тілелік! Жетісулық ұстаз Татьяна Станкевич «Әлем мұғалімі» байқауының іріктеу турына жолдама алды. Ол Сарқан ауданындағы №1 мектеп-гимназияда химия -биология пәндерінен дәріс береді. Мұндай мүмкіндікке ол «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі 2021» құрметті атағын жеңіп алғаннан кейін ие болды. Жетісулық педагогтар қауымының бұдан өзге де жетістіктері айтарлықтай. Бүгін Талдықорғанда салтанатты жиын өтіп, сала озықтары марапатталды.