Жаңа инвестжобалар – аймақ экономикасына жаңа серпін, жаңа салық, жаңа жұмыс орындары. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір күнде шетелдік 3 ірі компания өкілдерін қабылдады. Жергілікті деңгейде мәні бар тағы 2 ірі жобаны қарады. Әрбіріне қатысты шұғыл шешімдер қабылдады, тиісті нұсқау-тапсырмалар берді.