«Қасиет те, өсиет те – қарттарда». Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өңіріміздің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан әр сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Айта кетейік, салтанатты шара «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі және «Аялы алақан» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.