Тарихын түгендеген ұрпақ азбайды. Талдықорғанда Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде ел қорғаған Жолбарыс би Жылқайдарұлына ескерткіш орнатылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сеп. Ескерткіш ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Талдықорған қаласының 20 жылдығы сынды атаулы даталар тұсында ашылып, шаттыққа шаттық еселеп отыр. Атап өтерлігі, батыр баба мүсіні «Жолбарыс би» қоғамдық қорына жиналған қаржыға тұрғызылды.