Жаңа штам: жаңа шектеулер. 3 желтоқсаннан бастап, Қазақстан 11 мемлекет азаматтары үшін шекара жабады. Бұл тізімде: Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Гонконг сынды елдер бар. Мұның сыртында «омикрон» бой көрсеткен 10 мемлекеттен келгендерге ПЦР тестінің қандай нәтиже көрсеткеніне қарамастан, 1 апталық үй карантині міндеттелді. Ал, Египетке әуе рейстері жарты жылға тоқтатылды.