Көксу ауданының орталығы Балпықби ауылында шағын футболдан ардагерлер арасында облыс чемпионаты басталды. Оған жетісу өңірінің әр аймағынан 19 команда келіп қатысып жатыр. Үздік шыққандар өңір құрамасына алынып, республикалық жарыстарда өнер көрсетеді.