Тұрғын үй субсидиясына өтінім қабылдау 5 сәуірден басталады. Қазір елімізде осы жоба үшін арнайы цифрлық платформа дайындалып жатыр. Ол пилоттық режимде 15 наурызда іске асырылады. Айта кетейік, бұл мемлекеттік жеңілдікке баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтар ие бола алады. Бір ғана талап – олардың күнкөрісі шектік деңгейден аспауы тиіс.