Құқығы бұзылғандар әділдік таппаса, конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігіне ие болмақ. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құруды ұсынды. Президент дамыған мемлекеттерде Конституциялық сот институты тиімді жұмыс жасап жатқанын айтты. Заң үстемдігіне кепіл беретін құрылым Қазақстанда да болуы тиіс.