Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында мемлекеттік наградаларға ие болды. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдегі бірқатар азаматқа Президент марапатын табыстады. Олар еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін құрметке бөленді.