Көксуда проблема көп. Жыл басынан салық көлемі 2 есеге, құрылыс жұмыстары ауқымы 17 пайызға азайыпты. Ал, инвестиция тарту ісінде аудан соңғы 3 жылда соңғы орында келеді. Ауыз су, газдандыру, жұмыспен қамту салаларында да тірлік саябыр. Аудандағы олқылықтар облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың халықпен кездесуінде ашық айтылды.