Заңсыз құрылыс тоқтатылсын! Осылай деп талап қойған Талғар ауданы Бесағаш ауылының тұрғындары аудан әкімдігіне жиналды. Айтуларынша ауылдан атшаптырым аумақты меншіктеп алған жеке компания заңды белшесінен басып құрылыс жүргізіп отыр. Іргеден бой көтеріп жатқан көп қабатты тұрғын үй кешені әуелі айналасындағыларға қауіп төндіруі мүмкін.