Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында «Жаңа толқын» атты ауқымды спорттық шара өтті. Оған әр жастағы 500 ден аса адам қатысты. Жиналғандар шағын футбол, шахмат, садақ ату, арқан тарту және қазақша күрес сынды интелектуалдық және ұлттық ойын түрлері бойынша сынға түсті.