Шалғай елді-мекендегі ағайынның арызын тыңдап, мәселесін шешу – мақсаты. «Аманат» партиясының республикалық мобильді тобы Үйтас саяжайының тұрғындарымен кездесті. Қоғамдық қабылдауға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, мәслихат депутаттары мен партия өкілдері қатысты.