Іле ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Спорттық шара Өтеген батырды еске алуға арналып отыр. Жарысқа Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарымен Алматы қаласы және Жетісу өңірінің балуандары қатысты. 300-ге тарта дзюдошы 8 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтады.