Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талдықорғанда жас ұшқыштар мектебі ашылды. Оның базасы оқушылар сарайында орналасқан. Мектептің ашылуына Алматы облысының әкімі қатысты. Қанат Бозымбаев болашағын авиациямен байланыстырғысы келетін өрендерге ақ жол тіледі.