Алакөл ауданындағы Лепсі ауылында Қазақ батырлары Республикалық турнирі өтіп жатыр. Бұл шара Жетісу өңірінен шыққан Олимпиада жүлдегерлерімен әлем чемпиондарының құрметіне арналған. Айта кетейік, жарыс еркін күрес, Грек-рим және дзюдо мен бокстан кезегімен өтеді. Дүбірлі додаға еліміздің аймағынан үздік деген жасөспірім балуандар қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 15 маусымда аяқталмақ.