Алматы облысы әкімінің аудандарды аралауы Қарасай ауданында жалғасты. Марат Сұлтанғазиев Қаскелең қаласында азаматтардың көтерген өзекті проблемаларын тыңдап, халық үніне құлақ түрді. Жиын соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев қызметінен босатылды. Өңір басшысы зейнет жасына жеткен әкімге алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.