Минималды жайлылық, максималды әсер. Қапшағай су қоймасында алғаш рет «Рейнджерлер» 2022 су спорттық туристік турнирі өтті. Оған Алматы облысының «Рейнджерлер» балалар-жасөспірімдер клубының қатысушылары мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының су туризмін сүйетіндер де қатысты. Бас-аяғы 60 адам екі күн бойы суда жүзіп, су спорты мен туризмінің дамуына атсалысып қайтты.