Ескелділік шаруалар егіс суы тапшылығынан қиындық көріп келеді. Өткен жылы құрғақшылық салдарынан қызылша алқаптары қатты зардап шекті. Ирригация саласын жақсарту ғана проблеманы түпкілікті шешеді дейді облыс әкімі. Бүгін Бейбіт Исабаев ауданда болып, өзекті мәселелермен жіті танысты.