Ескелді ауданы Сырымбет ауылы маңында Парапланерлік спорттан Азия біріншілігі аяқталды. Құрлықтық дода қортындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте 3-ші орыннан көрінді. Айта кетейік, халықаралық бәсекеге 12 мемлекеттен 80ге жуық спортшы қатысты.