Түйткілді мәселені шешуге сылтауды тізбектемей, нақты шешу жолдарын ұсыну қажет. Мұны Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өткізген қоғамдық қабылдауында айтты. Аймақ басшысы Қонаевта тұғындардың әрқайсысын жеке қабылдап, проблемаларын тыңдады. Тығырыққа тірелген халыққа басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне мүмкіндігінше көмектесіп, қатаң бақылауға алуды тапсырды.