Талдықорғанда ауыл жасөспірімдері арасында республикалық жазғы спартакиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін шағын футболшылар бәсекесі аяқталды. Нәтижесінде Жетісу өңірінің өрендері қола жүлдегер атанды. Ал, жарыс жеңімпазы болып, Алматы облысының құрамасы танылды.