Қысалды тексеріс жүріп жатыр. Бүгін Жетісу облысына жұмыс сапарымен ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қасенов келді. Мақсаты: ТҮКШ және әлеуметтік сала нысандарының 2022-2023 жылыту маусымына дайындығын тексеру. Жолай өңірдегі мектептер құрылысы сапасын да қадағалай жүр.