Аумақтағы су құбырлары ескірген. Салдарынан тіршілік нәрі халыққа жетпей, тапшылық туындайды. Үлкен проблема қазір біртіндеп шешілуде. Су жүйелерінің 25%-ы жаңартылды. Тариф бағасы да қатаң бақылауда. Оның қаншалықты нормаға сәйкес екендігін және аймақта атқарылған жұмыстарды облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті өкілдері тексеру жүргізді.