Жастарға жаңа жоба. Осыдан 4 ай бұрын Республиканың 6 өңірінде JasProject жобасы басталған. Оның ішінде Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау , Түркістан облыстары бар. Бүгін Талдықорған қаласында іріктеуден өтіп, жобасы жүлделі болған жастарға тренинг өтті.