Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Алғашқыдардың бірі болып Кербұлақ ауданындағы Қызылшоқы серіктестігінің шаруалары жұмысқа білек сыбана кірісіп кеткен. Биыл олар 300 гектарға тәтті түбір егіп, 21 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр.