Ірі қаланың іргесінде отырып ел көрген игіліктен кенжелеп қалдық. Талғар ауданы Дәулет ауылы тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шаш етектен. Қара жол мен ауыз су, көгілдір отын мен бағасы шарықтаған электр жарығы сынды көкейтесті сауалдарымен құзырлы мекемелерге үнемі арызданумен келеді. Бұл жолы облыстан арнайы жұмыс тобы барып тұрғындармен жүздесті.