Мемлекет басшысын сайлау үлкен жауапкершілік. Өйткені, бұл таңдау еліміздің болашағына тікелей әсер етеді. Бұл жауапты күнге небәрі 4 күн қалды. Билік басына сенімді, әрі Қазақстанның дамуына аянбай еңбек ететін азамат келсе – дейді, халық. Сондай-ақ, олар бұл саяси науқаннан кейін елде өзгерістер көп болатынына сенімді.