«Art Sport». Кәсіп пе, әлде нәсіп пе?! Балалар үшін жасалған жобаның қызығын үлкендер көріп кетпеді ме?! Не де болса аты шулы жоба. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асқан бағдарлама Алматы облысында 2021 жылдың мамыр айынан бастап іске қосылды. Нәтижесінде балалар тегін үйірмелерге көптеп қатыса бастады. Бастапқыда жақсы деген жобаның кем-кетік тұстары да бірінен кейін бірі шықты.