Талғар ауданында 75 қыз-келіншек «Берекелі шаңырақ» әлеуметтік жобасына қатысты. Бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жұмыссыз әйелдерді тегін оқытуға арналған. Әлеуметтік жоба аясында әйелдер тігіншілік, бет бояушы, бухгалтерлік есеп және сәнді үлгімен қиятын шаштараз мамандықтары бойынша білім алды.