Ескелді ауданына қарасты Ақтұма ауылында ауыз су мәселесі өзекті болып тұр. Бұл проблеманы шешу үшін қажетті қаржы бөлініп, мердігер компанияда табылған еді. Алайда құрлыс жұмысына жауапты серіктестік, істі аяқтау мерзімін бірнеше рет шегеріп келіпті. Сонымен қатар аудан орталығы Қарабұлақта 5,4 гектар алқапты алатын саябақтың құрлысы да тоқтап қалыпты. Жоспар бойынша ол қарашаның 30 күні ел игілігіне берілу керек еді.