Талдықорғанда суға жүзуден 2004 жылы туған және одан кіші жастағы спортшылар арасында ел біріншілігі басталды. Оған қазақстанның барлық аймағынан 250 ден аса атлет қатысып жатыр. Үздік шыққандар ұлттық құрамаға алынып, халықаралық турнирлерде өнер көрсетуге мүмкіндік алады.