Облыста бұқаралық спорт пен спорттық инфрақұрылымды дамыту жүйелі. Аясында ауыл спортын дамытуға басымдылық берілді. Бүгінде аймақта 6 дене шынықтыру кешені жұмыс істейді. Алдағы уақытта 8 жаңа нысанның құрылысы қолға алынады. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.