Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, композитор Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл. Мерейтойына орай Алматыдан ақын атына көше берілді. Салтанатты жиынға мәдениет қайраткерлері, дипломаттар мен мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ туыстары қатысты.