Шет елдерден Қазақстан республикасы аумағына кірген 300 мың көлік заңдастырылады. Биыл қыркүйектің біріне дейін елімізге өзге мемлекеттерден жүз мыңдаған автокөлік әкелінген. Олардың басым бөлігі Ресейден жеткізіліпті. Әкімшілік полиция комитеті өкілдерінің айтуынша, жақын арада темір тұлпарларды заңдастыру процесі басталады. Қазір оған тиісті заң қабылдануда. Көлікті заңдастыруға жарты жыл уақыт беріледі.