Алматы облысында жастар арасында грек-рим күресінен Еуразиялық турнир өтті. Жарыс КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған. Спорттық іс-шараға ел өңірлерінен, сондай-ақ көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан балуандар қатысты.