Қарасай ауданы Алматы облысының экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жатыр. Мәселен өңірдегі өнеркәсіптік өнімдерінің үштен бірі дәл осы аймаққа тиесілі. Мұны аудан тұрғындарымен жүздескен облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты. Сондай-ақ, әкім жұмыс сапары барысында білім мекемелеріне барып, өндірістік нысандарды аралады.