Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиынға өңірлік, республикалық газет, сайт, телеарналардан 25 журналист қатысты. Олар өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешілу жолдарын сұрап, білді. Өз кезегінде әкім облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жоспарын айтты.