«Қазақстан халқына» қоры Жетісу облысындағы ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасын толығымен жаңартты. Күні кеше Ақсу ауданындағы І.Жансүгіров ауылында Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектептің құрал-жабдықтары тапсырылды. Оған ҚР Сенат депутаттары, қор мүшелері және аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.