Жетісу облысындағы 17 мыңнан аса тұрғын өздеріне банкроттық жариялай алады. Бұл туралы өңірлік кірістер басқармасының өкілдері хабарлап отыр. Ақпарынша, елімізде жеке тұлғалардың банкроттыққа өтініштері 3 наурыздан бастап қабылданады. Несиеге белшесінен батқан азаматтардың төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру механизмі қалай іске асады? Халық өтініштерін қайда өткізу қажет?