Қонаевтықтар да Димаш ата Қонаевтың туған күнін атап өтті. Алматы облысының орталығында мемлекет және қоғам қайраткерінің мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті. Оған қалалық мәдениет бөлімі өкілдері мен шаһардың құрметті азаматтары, тарихшылар, кітапхана қызметкелері қатысты.