Жетісулық дәрігерлер шетелдіктермен тәжірибе алмасты. Облысқа Франциядан онкологтар келді. Олар өңірдегі сүт безі обырының алдын алу жұмыстары мен емдеу әдістерін көрді. Өзге елден арнайы келген білікті мамандар облыстағы көпсалалы емхана мен Көксу аудандық ауруханасына табан тіреді.